БАҚЫЛАУДЫҢ БҰЗБАЙТЫН ӘДІСТЕРІ
ТЕХНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУ, КУӘЛАНДЫРУ
ИНЖИНИРИНГ ҚЫЗМЕТТЕРІ
ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ
   

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

 

 

Бұзбайтын әдістермен бақылау

Техникалық диагностикалау, куәландыру

Инжиниринг қызметтері

Жөндеу және құрылыс жұмыстары

Компания қызметі бағыттарының бірі мұнай өңдеу зауыттарының әртүрлі объектілері мен жабдықтарын, химиялық өндірістерде, құбырлардың және компрессорлық станциялардың жабдықтарын, мұнай-газ кәсіпшілігінің жабдықтарын диагностикалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына Мемлекеттік лицензиясы бар бақылау-сынақ зертханасын дамыту болып табылады.

 

1. ҚР Энергетика

және минералды ресурстар министрлігінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі ГЛ № 000282 Мемлекеттік лицензиясы.

2. ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Атом энергетикасы жөніндегі комитетінің 2006 жылғы 29 тамыздағы ГЛА № 0001258 Мемлекеттік лицензиясы.

 

Біз жоғарыда аталған объектілерді дайындау, құрылысын салу, монтаждау, жөндеу, қайта құру, техникалық диагностикалау кезінде жабдықтар мен материалдарды бұзбайтын әдіспен бақылауды жүргізу жөніндегі қызметтерді ұсынуға қуаныштымыз.

Республикадағы санаулылардың бірі болып табылатын ЖШС зертханасы Заңда белгіленген тәртіппен аккредиттелген. Бұл ретте аккредиттеу саласы ағымдағы жылы бақылау өлшеулері мен рұқсаттардың көлемі бойынша біршама кеңейтілді (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің ҰАО 2009 жылғы 9 қыркүйекте берген аккредиттеу аттестатының № КZ.И.02 0574).

 

Бұзбайтын әдістермен бақылау

 

  • (ультрадыбыстық, радиографиялық, акустикалық-эмиссиялық, көзбен шолу, магнитті ұнтақтық, түрлі-түсті дефектоскопия және басқалар) дәнекерленетін қосылыстар мен металл конструкциялар, соның ішінде магистральді және әртүрлі мақсаттағы өзге құбырларды және олардың құрылғыларын.

 

Компанияның дамуының келесі кезеңі құрылыс процесін технологиялық сүйемелдеу әдісімен құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын бақылау жөніндегі инжиниринг қызметтерін игеру және оны қызметтер қатарына ендіру болды.

 

Компания мұнай-газ құбырларында және күрделілігі жоғары әртүрлі өндірістік және азаматтық мақсаттағы объектілерде арнайы құрылыс-монтаж жұмыстарын, болаттан жасалған сұйыққоймаларды, мұнаралық және мачталық тұрпаттағы құрылыс конструкцияларын, көпірлердің көтеруші конструкцияларын және көпір өткелдерін монтаждауды жүзеге асырады. Магистральді мұнай-газ құбырларының құрылысы кезінде жер қыртысындағы арнайы жұмыстарды, ұңғымаларды, гидротехникалық және селден қорғайтын құрылғыларды, бөгеттерді, дамбаларды орналастыру жұмыстарын, жер қыртысындағы бұрғылау жұмыстарын, теміржол тармақтары үшін негіздер мен үстіңгі құрылыстарды, автомобиль жолдарын салу мен жайластыру жұмыстарын орындайды. Конструкциялар мен құбырларды тотығуға қарсы қорғау жөніндегі жұмыстарды, химиялық қорғау жабындарын жағу, құбырларды электрлі химиялық қорғау, найзағайдан қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

 

Монтаждау-дәнекерлеу жұмыстарын тәжірибелі персонал LINCOLN VANTAGE компаниясының қазіргі заманғы жабдықтарым

ен және «Miller 401» маркалы дәнекерлеу аппараттарымен жүргізуді қамтамасыз етеді.

 

КОМПАНИЯНЫҢ БЕЙІНІ

  • Отын-энергетикалық кешен объектілерінің жабдықтары мен құбырларына диагностикалық қызмет көрсетуді, өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптауды, техникалық қызмет көрсетуді жүргізу.
  • Қауіпті өндірістің құрылысын салуға, кеңейтуге, қайта құруға, техникалық қайта жарақтандыруға, тоқтатып қоюға және жоюға құжаттаманың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізу.
  • Диагностикалық қызмет көрсету және пайдаланудың регламенттік жүйесінен «жағдайы бойынша» пайдалану жүйесіне кезең-кезеңімен көшу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу.
  • Техникалық құралдарды жасау, оларды диагностикалау объектілеріне бейімдеу және мақсатты қолдану салаларын анықтаумен салыстырмалы сынақтарды жүргізу.
  • Мұнай-газ кешенінің кәсіпорындарында құбырлардың кернеулі-деформацияланған жағдайына мониторинг жүйесін жасау және ендіру.
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің аспаптық мониторингінің стационарлы жүйелерін жасау, жобалау және дайындау.
  • Диагностика және бұзбайтын бақылау саласындағы техникалық және ғылыми кадрларды даярлау, қайта даярлау және сертификаттау.
  • Киото хаттамасының шеңберінде энергия үнемдеу жобаларын ендіру.
  • Біздің компанияның белгіленген қызметті халықаралық стандарттар бойынша жүзеге асыруға және ірі халықаралық компаниялардың серіктестік болуға мүмкіндік беретін айрықша ерекшеліктері:

 

  1. Персонал мен өндіріс сапасын басқару жүйесін үнемі жетілдіру (NDT Services Ltd ЖШС ISO 9001:2008 стандарты бойынша ASTRAIA Халықаралық сертификаттау органының 2009 ж. Халықаралық сертификаты бар).
  2. Өндірістік кемшіліктері н талдаудың жасалған, бекітілген және жұмыс істейтін жүйесі және оларды жою тәсілдері. Тұтынушыға бағыттау.
  3. Басшылықтың, персоналдың еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жағдайын жақсартуға бағытталған негізгі міндеттемелері белгіленіп, бекітілген Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласынд ағы саясат.
  4. Өндіріс процесін жетілдіру және түпкілікті өнімнің (қызметтің) сапасын жақсарту үшін әзірленген ноу-хау.
  5. Білікті мамандарды қолдау мен қамсыздандыруға арналған әлеуметтік бағдарламаларының болуы.

 





Новости
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

 «Қазақстан-Қытай» газ құбыры

Компанияға «Қазақстан-Қытай» газ құбырының Оңтүстік Қазақстан облысындағы газды қабылдау-жіберу торабының газбен дәнекерлеу жұмыстары сеніп тапсырылды және қазіргі кезде аяқталды.

Толығырақ...